Баскетболдан Қазақстан командасы Иорданиямен кездеседі

Баскетболдан Қазақстан командасы Иорданиямен кездеседі

13 маусым күні баскетболдан Қазақстан командасы 2021 жылғы Азия кубогына іріктеу аясында топтағы соңғы ойынын өткізеді. 

Арада бір жарым жыл өткен соң «Дала арландары» Иордания құрамасына қарсы екінші матчты өткізеді. Ойын Амман қаласында ұйымдастырылмақ. 

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. 

Айта кетелік, өткен жылдың 24 ақпанында елордамызда өткен матчта қазақстандықтар Иорданияға 68:71 есебімен жол берді. 

Қазіргі таңда біздің команда топтағы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, бірінші орында келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или