Қазақстанның қос клубы үшінші орынға тартысады

Түменде бәсекеге түсіп жатқан тағы бір қазақстандық ұжым «Тұлпар» жартылай финал межесінен әрі аса алмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Екатеринбордың «Синарасымен» күш сынасқан қарағандылық ұжым тартысты ойында 3:1 есебімен есе жіберді. Бірінші гол тек бірінші таймның аяқталуына 30 секунд қалғанда соғылды. Алаң иелері сапынан Антон Качера көзге түсті.

Екінші таймда қос команда бірінші кезеңдегідей байыппен ойнап, әр адымын алдын ала ойлап бақты. 40-минутта Андрей Бастриковты көзден таса еткен қарағандылық қорғаушылар қателігінен кейін есеп 2:0-ге жетті. «Тұлпар» ойыншылары бірден жауап қайтарды. Шыңғыс Есенаманов алыс қашықтықтан қақпаның алыс бұрышын тура көздеді. Бір ойыншысынан айырылған қарағандылық ұжым қалған уақытта қорғаныста ойнады.

Екінші кездесуде алматылық «Қайрат» «Тюмень» командасынан 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или