Еременко Кубогы. «Қайрат» жартылай финалда сүрінді

Футзалдан Еременко Кубогының алғашқы жартылай финалдық кездесуде алаң иесі «Тюмень» және алматылық «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Какау бұл матчта негізгі құрамды шығарды: Игита, Диваней, Лео, Игор мен Алешандре бастаған жігіттер ойын басымдықа ие болып, алғашқы минуттарда есепті ашты. «Тюмень» қорғаушысының қателігінен кейін Лео жойқын соққысымен Логиновтың қыралығын бір тексеріп алды. Көзді-ашып жұмғанша екінші толқынмен шабуылда Алешандре қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Алғашқы он минут аяқталысымен алаң иелері қарқынын үдете бастады. Николай Переверзевтің соққысын бірде Игита қайтарса, енді бірде ресейлікке сәттілік жолдас болмады. 12-ші минутта Никита Батырев бұрыштама добынан кейін есепті теңестірді. Игита қақпасын саңылау тапқаннан кейін «Тюмень» ойыншылары шапшаң қимылдай бастады. «Қайраттың» осал тұстарын пайдаланып, есепте алға шығуға ұмтылды. Алматылықтар болмашы қателітер жіберді. Дегенмен, бірінші таймда қос команда тең есеппен тарқасты.

Екінші кезең бастала салысымен Лео қақпаның «тоғыздығын» дәл көздеп, командасын алға шығарды. Бас-аяғы 6 минуттың ішінде қос команда үш мәрте қақпаны дәл көздеді. Алдымен «Түмен» ойыншысы Неведров таразы басын теңестірсе, Жоан өз қақпасына гол соғып алды. 1 минуттан кейін Алешандре көзге түсіп, командасын алға шығарды. Тура 3 минут өткен соң Батыров дубль авторы атанды. Ал 46 минутта тіпті хет-трик жасап командасына жеңісті сыйлады. Тек Жоан 47 минутта есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартты. Осылайша былтыр «Еременко» кубогының алғашқы чемпионы атанған «Қайрат» биыл финалға жолдама ала алмады.

«Еременко Кубогы» халықаралық турнирі.

Жартылай финал.

«Тюмень» (Түмен) – «Қайрат» (Алматы) – 5:4 (1:1)

Голдар: Батырев 12, 36, 46, Неведров 30, Жоан автогол 32 – Игор 3, 27, Алешандре 33, Жоан 47

«Тюмень» (Түмен): Логинов, Царинный, Переверзев (К), Милованов, Абышев, Абрамович, Батырев, Соколов, Лобков, Чухрий, Неведров, Семикин.

«Қайрат» (Алматы): Игита, Лео, Диваней, Алешандре, Игор, Дуглас, Сулейменов (К), Умберто, Жаманкулов, Лукайян, Першин, Довгань, Жоан, Маркао.

Төрешілер: Григорий Зеленцов (Ресей), Илья Акимцев (Ресей), Виталий Грошев (Ресей).

Инспектор: Рустам Рахимов (Ресей).

Түмен қаласы, «Орталық» спорткешені. 1300 көрермен. 26 ақпан, 2015 жыл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или