Футзал

«Бенфика» «Спортингті» жеңіп, футзалдан Португалия чемпионатының финалдық сериясында есепті теңестірді

«Бенфика» «Спортингті» жеңіп, футзалдан Португалия чемпионатының финалдық сериясында есепті теңестірді
news-banner7
mobile-news-top

Лиссабондық «Бенфика» пен «Спортинг» футзалдан Португалия чемпионаты финалдық сериясы аясында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақыт 5:5 есебімен аяқталды. Ал қосымша уақытта «Бенфика» екі гол соқты. Осының арқасында сериядағы есепті теңестірді.

Бұл матчта алматылық «Қайрат» АФК экс-ойыншылары нәтижелі ойын көрсетті. «Спортингте» өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан хет-трик жасады, Ал «Бенфика» намысын қорғайтын ирандық форвард Хоссейн Тайеби екі гол соқты.

Келесі ойын 10 маусымда өтеді.

«Бенфика» – «Спортинг» 7:5 (3:3, 5:5)
Голдар: Тайеби (2, 15 пен), Робиньо (11), Артур (31), Жакаре (34), Тиагу Бриту (44), Фабиу Сесилиу (48) – Тайнан (4, 23, 26), Пани Варела (5), Паулета (10)
Серия есебі: 1:1

Фото slbenfica.pt

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер