Ресейлік шабуылшы «Бейбарысқа» ауысты

Шабуылшы Никита Титов «Бейбарыс» хоккей клубымен бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Никита Титов - Нижний Тагил қаласындағы (Ресей) хоккей мектебінің түлегі.
Жастар деңгейінде форвард Нижний Тагилдің «Спутник» және «Юниор-Спутник» командаларында өнер көрсетті. 2017-2018 жылғы маусымынан бастап Никита Қазақстанға ауысып, «Горняк», «Ертіс» және «Торпедо» клубтарында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или