Олимпиадада велоспорттан Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
Шосседегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бас бапкері Асан Базаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Токио Олимпиадасына кімдер баратынын айтты.
- Токио Олимпиадасына баратын құрам анықталды ма?
- Әзірше құрамымыз - Алексей Луценко, Вадим Пронский мен Дмитрий Груздев. Бәрі жақсы болса, ешкім жарақаттанбаса, солар Олимпиадаға барады.
- Алексей Луценко Олимпиадаға «Тур де Франс» арқылы дайындала ма?
- Груздев пен Луценко «Тур де Франсқа» барады. Ол 18 шілдеде аяқталады, сосын бірден Токиоға аттанады. Олар Тенерифе (Испания) биігінде болды. Кейін «Критериум Дофинеге» барды, артынша Тур бар. Сондықтан дайындықтың керегі де жоқ.
- Пронский Олимпиадаға қалай дайындалады?
- Пронский «Джиро д’Италияға» барды. Қазір шағын үзіліс алды. Кейін «Словения турында» бақ сынайтын шығар. Артынша ел чемпионатына келеді.
- Ел чемпионатының ақ жейдесіне таласу үшін қазақстандық барлық мықты шабандоз келе ме?
- Иә, барлық мықты шабандоз қатысады. Бүкіл кәсіпқой келеді, сондықтан оны 15 маусымға шегердік. «Тур де Франс» алдында қалпына келіп үлгеруі керек. Сондықтан Алексей ел чемпионатының ақ жейдесіне күресу үшін тағы да келеді.