Алексей Луценко «Критериум Дофине» жарысында екінші орын алды
Бельгияда «Критериум Дофине» көпкүндік веложарысының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Украиналық Марк Падун топ жарды. Екінші орынды <span>Йонас Вингегаард иеленсе</span>, австриялық Патрик Конрад үшінші орыннан көрінді. <span>«Астана»</span> командасының велошабандозы Алексей Луценко жетінші болып мәре сызығын кесті.
Жалпы есеп қорытындысы бойынша Алексей Луценко екінші орын алды.
«Критериум Дофине. Сегізінші кезең. Ла Лешер Ле Бэн- Ле Же (147 км).
1. Марк Падун ( Bahrain – Victorious) 4:06:49;
2. Йонас Вингегаард (Team Jumbo-Visma) + 1:36;
3. Патрик Конрад (BORA – hansgrohe);
7. Алексей Луценко («Астана») +2:10;
Жалпы есеп:
1. Ричард Порте (Австралия, INEOS Grenadiers) 29:37:05;
2. Алексей Луценко («Астана») + 0:17;
3. Томас Герайнт (INEOS Grenadiers)+ 0:29;