Футзал

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі анықталды

Қазақстан құрамасының Литвада өтетін әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындар кестесі анықталды.

Кака тізгіндеген команда әлем біріншілігіндегі алғашқы матчын 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Араға екі күн салып жарыс қожайындарымен кездеседі. Топтық кезеңнің қорытынды матчында Венесэуламен күш сынасады.

Айта кетейік, Литвадағы әлем чемпионатының қыркүйек 12-і басталып, 3 қазанда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0