Луценко «Критериум Дофиненің» төртінші кезеңінде топ жарды
«Астананың» қазақстандық шабандозы Алексей Луценко «Критериум Дофине» көпкүндігінің 4-кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Луценко 16,4 шақырымдық жекелей жарыста жеңіске жетті, екінші орынды оның клубтағы әріптесі Йона Исагирре еншіледі. Үшінші болып Deceuninck-Quick Step өкілі даниялық Каспер Асгрин жетті.
Айта кетейік, «Астана» маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
«Критериум Дофине». Төртінші кезең

Фирмини — Рош-ла-Мольер. 16,4 км

1. Алексей Луценко («Астана») — 21:36
2. Йон Исагирре («Астана») — +0:08
3. Каспер Асгрин (Deceuninck-Quick Step) — +0:09.
Жалпы есеп:
1. Лукас Пестльбергер (BORA-hansgrohe) - 12:57:07
2. Алексей Луценко («Астана») — +0:01
3. Каспер Асгрин (Deceuninck-Quick Step) — +0:09