Кака: Әлем чемпионатында осал топ болмайды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту нәтижесі туралы Prosports.kz сайтына пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Литва, Венесуэла және Коста-Рикамен А тобында өнер көрсетеді.
- Жеребе нәтижесі біздің командаға қолайлы болды деп айта аламыз ба?
- Мен әрдайым осал қарсыластар жоқ деп айтамын. Барлығы біздің топ ең әлсіз дейді. Айтарым: мен үшін ең жақсы топ - бұл менің WhatsApp-тағы отбасылық чатым. Кез-келген команданың мықты және осал тұстары болады.
- Жеребеден кейін команданың алға қойған мақсаты өзгерді ме?
- Біздің команда әрқашан үлкен мақсатқа ұмтылады. Дәл осындай ойыншалармен турнирде топ жаруды ғана ойлаймыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или