Хоккей

​Норвегия – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы

​Норвегия – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы, жетінші матчын өткізеді. Қарсылас – Норвегия. Бұл команда соңғы матчта АҚШ-тан жеңіліп, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айрылды. Қарсылас осынысымен де қауіпті, хоккейшілерге ауыр жүк түсіп тұрған жоқ.

Ал біздің команданың жөні мүлдем бөлек. Бұл матч плей-оффқа шығатын/шықпайтынын шешеді. Егер Юрий Михайлистің ойыншылары үш ұпай жинаса, төрттіктен мызғымас орын алады. Әйтпесе, командалардың турнир кестесіндегі реті бәсекелестер: Латвия, Канада мен Германияның ойынына байланысты болмақ.

Соңғы рет Қазақстан мен Норвегия командалары 2016 жылғы олимпиадалық іріктеу раундының финалдық бөлігі аясында кездесті. Қазақстан құрамасы ол кезде овертаймда жеңіліске ұшыраған болатын. Әлем чемпионаттарында қарсыластар бар болғаны екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіс норвегиялықтарға бұйырды.

Күн бұрын қос командада да ойын болған жоқ, біздің хоккейшілер жаттығу залында қалыпқа келумен айналысты. Бүгін таңғы жаттығуды толық құраммен өткізді.

«Негізгі матчтар алда күтіп тұр, - деп санайды шабуылшы Егор Петухов, - бұл енді тарих, келесі кездесуге дайындалып жатырмыз. Біздің командадағы ойыншылардың бәрі тәжірибелі, мұндай матчтар бәрінде болды, келесіге қалай дайындалу керектігін барлығы жақсы біледі, сондықтан жігіттердің психологиясында түйткіл жоқ, бәрі жақсы болады, - деп сөзін түйіндеді форвард Италиямен матчтан кейінгі баспасөз конференциясында.

Норвегия - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады. Бұл кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Түпнұсқасы: ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер