Хоккей

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ұлды болды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ұлды болды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаковтың отбасында ұл бала дүниеге келді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клуб хабарлады.

«Аркадий Шестаковтың ұлы дүниеге келді! Біз Аркадий мен оның әйелі Анастасияны осы қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз және олардың отбасыларына денсаулық пен бақыт тілейміз», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта форвард Қазақстан құрамасының сапында Ригадағы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Бүгін біздің команда Норвегиямен матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер