Ауыр атлетика

Бекболат: Әлем чемпионатында менің алдымда мүлде бөлек мақсаттар тұрды

Бекболат: Әлем чемпионатында менің алдымда мүлде бөлек мақсаттар тұрды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Рахат Бекболат 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Спортшы турнирдегі аяқ алысына баға беріп, өз ойымен бөліскен болатын.

«Жұлқа көтерудегі нәтижеме көңілім толады, бірақ серпе көтеру ойымнан шыққан жоқ. Күнделікті көтеріп жүрген салмағымнан 10 келі аз көтердім. Әрине, бұл біріншіліктегі қарсыластар айтарлықтай ерекшеленеді. Жақында ересектер арасындағы Азия біріншілігіне қатыстым. Ол жақтағы қарсыластар қарқыны жоғары.

Ал бұл бәсекеде менің алдымда мүлде басқа міндеттер тұрды. Енді осы жарыстан соң жақындарымның қасында демалып, он күннен соң Қостанайды өтетін жастар ойынына қатысамын», - дейді Рахат.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер