Хоккей

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

Латвиялық шабуылшы Данила Ларионов «Сарыарқа» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Хоккейшімен келісімшарт екі маусымға жасалған.

Данила - Рига хоккей мектебінің түлегі. Мансабын шетелде, Американ жастар хоккей лигасында бастаған. 2020/21 жылғы маусымында ол ҚХЛ-да «Динамо» (Рига) сапында өнер көрсетті. 10 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Сол маусымда ол «Рига» жастар хоккей клубы сапында 32 матч өткізіп, 23 (11+12) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер