Гүлнұр Ыбырай ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
                  Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>Жарыстың кезекті күнінде Гүлнұр Ыбырай қола жүлде жеңіп алды. Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс нәтижесінде 205 (90+115) келіні бағындырды. </span>
<span>Аталған салмақ дәрежесінде румыниялық Ралуки-Андреа Олару 214 келіні бағындып, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынға 207 келіні бағындырған италиялық Джулила Мизерендино ие болды. </span>
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или