Хоккей

​Иван Степаненко: Жан рақаты үшін ойнаймыз

news-banner7
mobile-news-top

Осы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасындағы ойыншылардың көпшілігі үшін дебютті чемпионат болды, олардың қатарында бұрын тек жастар мен жасөспірімдер деңгейінде ойнаған Иван Степаненко да бар. АҚШ-пен ойыннан кейін қорғаушы матчтан алған әсерімен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Иван көптеген соққыларды өткізбеді, қалыпқа келу қаншалықты қиын болды?

- Барлығы бірдей деп ойлаймын, ертерек ұйықтау, кешкі ас ішу, демалу. Қалыпқа келеміз.

- Екінші және үшінші шайбалар ойын кезеңдерінің басында салынды, бұл неліктен екенін түсіндіре аласыз ба?

- Бұл ойын барысындағы сәт, кейде уақытылы ауыспай қалдық, бұл жөнінде тереңірек пікір білдіре алмаймын.

- Сіз үшін де дебют. ҚР чемпионатының ойыншысы екеніңізді ескерсек, бейімделу қаншалықты қиын болды?

- Әрине қиын, мүлдем басқа жылдамдық, шебер ойыншылар. Ал негізі бұл кез келген ойыншы үшін мереке, мұнда ойнау, өзіңді көрсетуге тырысу. Жан рақаты үшін ойнаймыз.

- АҚШ сияқты қауіпті шабуылдаушы командаға қарсы қорғану қаншалықты қиын?

- Мұндай командалармен тығызырақ ойнау керек, бұл бапкердің нұсқауы, сол кезде қорғану оңайырақ болады.

- Қолыңызға не болды, мұз қойыпсыз?

- Ойын барысындағы ұсақ-түйек, қорқатын ештеңе жоқ.

- Бәлкім, екі жеңістен кейін эмоционалдық тұрғыдан жинала алмай қалдыңыздар ма? Және Виктор Сведбергтің ойыны қаншалықты жетіспеді?

- Біз әрбір ойынға жеңіске деген құлшыныспен шығамыз. Ал Витя Сведбергтің болмағанына қатысты: бізде нәтиже көрсетуге дайын ойыншылар әлі де көп, бұл бір ықпалын тигізді дей алмаймын.

Түпнұсқасы: wc2021.ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер