Абылай Әуелханов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылай Әуелханов екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсеріп (108+140), чемпион атанды. Абылай жақында өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінде күміске қол жеткізген болатын. </span>
<span> Күміс медальді Өзбекстан өкілі Огабек Нафасов, қоланы эквадорлық Зурита Валледжо еншілеген. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или