WePlay AniMajor 2021 жарысының барлық қатысушысы белгілі болды

WePlay AniMajor 2021 жарысының барлық қатысушысы белгілі болды

DPC аймақтық матчтары аяқталғаннан кейін Киевтің WePlay AniMajor 2021 жарысына қатысушылар толық анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге 18 команда қатысады: 6 команда турнирді Wild Card кезеңінен, 6 команда топтық кезеңнен бастайды, тағы 6 команда плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Wild Card қатысушылары: «AS Monaco Gambit», «Nigma», «Team Secret», «Invictus Gaming», «Execration», «Vici Gaming»/«PSG.LGD».

Топтық кезеңге қатысушылар: «Team Spirit», «Liquid», «TNC Predator», «Evil Geniuses», «Beastcoast», «Vici Gaming»/«PSG.LGD».

Плей-оффқа қатысушылар: «Virtus.pro», «Alliance», «Aster», «T1», «Quincy Crew», «NoPing e-sports».

Айта кетейік, WePlay AniMajor 2021 жарысы 2-13 маусым аралығында өтеді. 18 команда 2700 DPC-ұпайы мен 500000 долларды сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или