Хоккей

Қазақстан құрамасы мұздағы жаттығуларын қайта бастады

news-banner7
mobile-news-top

Барлық командалардың жоспарлы екікүндік карантинінен кейін Қазақстан құрамасы мұзды алаңға қайта шықты.

Бүгін біздің құрама «Рига» аренасына жетті. Мұнда Қазақстан командасы қатысатын топтық кезең аясындағы барлық матчтар өтеді. Әрі қарай Юрий Михайлистің ойыншылары «Даугава» модулінде мұз бетіндегі жаттығуын өткізді. Ертеңнен бастап, қазақстандықтар тікелей «Рига» аренасының мұзды алаңында жаттығуға кіріседі деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын ҚР құрамасы 22 мамыр Латвияға қарсы өткізеді.

Түпнұсқасы: wc2021.ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер