Жерлестеріміз Таиландтағы Азия чемпионатында екі медаль олжалады

Таиландта өткен велоспорттан Азия чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар Жандос Бижігітов пен Артем Захаров екінші және үшінші орын иеленді, деп хабарлайды BNews.kz тілішісі.

Велоспорттан Азия чемпионаты Таиландтың Накхон Радчасима қаласында 6-14 ақпан аралығында өткен еді.

«Тас жолдағы жарыста солтүстікқазақстандық велошабандоз Жандос Бижігітов жанкүйерлерін бір марқайтып тастады. Ерлер арасындағы сайыста мәре сызығын ирандық қарсыласынан бар болғаны екі-ақ минутқа кеш кесіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұған қоса, 130 шақырымдық қашықтықты құраған түнгі топтық жарыста Жандос Бижігітов мәреге бесінші болып жетті. Жандос бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанған, әлем біріншіліктеріне де қатысып келеді, ал Чехияда теміржолшылар арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Қазақстан намысын қорғаған тағы бір жерлесіміз Артем Захаров аталмыш додада қола жүлде олжалады. 23 жастағы спортшы халықаралық кластағы спорт шебері, велоспорттан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.

BNews.kz cайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или