Футзал

УЕФА: «Қайрат» - Чемпиондар лигасының жартылай финалына 10 рет шыққан жалғыз клуб!

УЕФА: «Қайрат» - Чемпиондар лигасының жартылай финалына 10 рет шыққан жалғыз клуб!
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы бас хатшысының міндетін атқарушы Теодор Теодоридис Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалына» қатысқаны үшін «Қайрат» АФК президентіне алғысын білдірді және алматылық клубтың жетістігін жоғары бағалады, деп жазады Prosports.kz.

«Құрметті Оразбеков мырза!

Сіздің командаңызды футзалдан 2021 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалына» шыққанымен құттықтаймыз. Задардағы бұл ерекше турнир жарыстың барлық қатысушысы үшін нағыз сынақ болды. Ал «Қайрат» АФК өкілдері тамаша тәртіп пен керемет ойын үлгісін көрсетті.

«Қайраттың» жартылай финалда «Барселонаны» жеңуге мүмкіндігі бар еді. Алматылықтар ойында қысымды бір секунд та тоқтатқан жоқ, жеңіске деген құштарлығын аңғартты. Өкінішке орай, «Қайрат» турнирде топ жара алмады. Бірақ 10 мәрте жартылай финалға шыққан және Чемпиондар лигасында ең көп матч өткізген (85) клуб ретінде аталады. Бұл нағыз құрметке лайық үлкен жетістік.

Сонымен қатар, біз сізге, сондай-ақ сіздің клубыңыздың барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз», - делінген хатта.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалында» алдымен «Бенфиканы» овертаймда 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан. Бірақ жартылай финалда «Барселонаға» 2:3 есебімен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер