Арман Оспанов UFC-де жекпе-жек өткізбей ме?
Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-3) келесі жекпе-жегін UFC-дің орына PFL-да өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.
Ресейлік ММА инсайдері Игорь Лазорин Instagram-парақшасында Арман Оспановтың жекп-жегі жайлы ақпаратты жариялады. «Арман Оспанов келесі жекпе-жегін PFL (<span>Professional Fighters League) өткізу мүмкіндігі жоғары</span>», - деп жазды журналист.
<span>Арман өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ-қа аттанған. Онда отандасымыз UFC-мен келіссөз жүргізіп, Американың жұмыс визасын жасатқан еді.</span>
Осыдан бірнеше күн бұрын «Сұңқардың» АҚШ-қа жұмыс визасын алғаны және енді америкалық промошенмен келісімшартқа отыра алатыны белгілі болды. Арман Оспанов өзінің соңғы сұхбатында АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанын, жекпе-жек өткізу үшін тек визаны күтіп<span> </span>жүргенін айтқан еді.
<span>Айта кетейік, «Сұңқар» сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.</span>