Хоккей

​Юрий Михайлис: Барлығы жақсы нәтиже көрсетуге дайын

​Юрий Михайлис: Барлығы жақсы нәтиже көрсетуге дайын

БАҚ-қа арналған ашық жаттығу аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері журналистерге команданың әлем чемпионатына дайындығы туралы айтып берді.

- 15 сәуір жігіттер мұзға шықты. Ал жаттығуларға ресми түрде біз 28 сәуір кірісіп, құрама жиынын өткіздік. Жігіттермен ақылдастық. Барлығы сақадай сай. Командаға көмектесіп қана қоймай, жақсы нәтиже көрсетуге, ел үшін күресуге дайын. 10-ы күні Латвияда дайындықтың финалдық кезеңі өтеді, оған дейін біз Нұр-Сұлтанда дайындаламыз.

- Аттанатын құрам қашан белгілі болады?

- Бізде 8 күні екіжақты матч жоспарланған. Содан кейін құрам анықталады. Біз құрамаға Қазақстан чемпионаты клубтарынан ойыншылар тартып жатырмыз. Олардың міндеті – қысқа мерзім ішінде құрамада ойнауға дайын екенін көрсету. Барлығына теңдей мүмкіндік бердік.

- Құрамаға Найджел Доус неге келмеді?

- Біз оны соңына дейін күттік. Маусымды тамаша өткізді. Найджел отбасылық жағдайларға байланысты келе алмады. Ол құрамадан бас тартқан жоқ, тек отбасылық жайттарға байланысты келе алмайтынын айтты.

- Құрама турнирде өз алдына қандай мақсат қойып отыр?

- Әрбір ойында жеңіс үшін ойнау. Жігіттер ел намысы үшін тартысуға дайын. Жүрдім-бардым ойын болмайды. Жігіттердің мақсаты айқын.

- Құрама жолдастық матчтарды неліктен аз өткізді?

- Бізде Ресей, Латвия құрамаларымен ойындар жоспарланған болатын, алайда коронавирусқа байланысты оларды өткізу мүмкін болмады. Федерацияның күш салуымен Беларусь командасымен ойнауға мүмкіндік туды.

- Джесси Блэкер командаға Латвияда қосыла ма?

- Иә.

- Қақпашылар шебі туралы не айтасыз? Бірінші қақпашы Карлссон, екіншісі – Шутов бола ма?

- Біз бақылаймыз. Бояркин мен Шутовқа Беларусьқа қарсы матчтарда мүмкіндік береміз. Әлем чемпионатында екеуінің бірі ойнайды.

- Күнтізбенің тығыздығымен не істейсіздер?

- Медперсоналымыз, физикалық дайындық бойынша бапкеріміз де жақсылап жұмыс жасайды. Дайын боламыз деп ойлаймын.

- Рымарев - Шин – Старченко үштігінің ойынына куә бола аламыз ба?

- Әбден мүмкін.

Түпнұсқасы: ligasy.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0