Велоспорттан биылғы Азия чемпионатында бағымыз жанбады

Таиландта велоспорттан ересектер арасындағы 35-ші, жасөспірімдер арасындағы 22-ші Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан влошабандоздары тректегі бәйгелерден алты, ал тас жолдардағы жарыстардан екі жүлде ғана алды, деп жазады «Алаш айнасы».

Велоспорттан биылғы құрлық біріншілігі 4 ақпанда басталып, 8 ақпанға дейін тректегі бәйгелер өткен. Онда қоржынымызға алты жүлде (бір алтын, бір күміс, төрт қола) түскен болатын.

Ал 10 ақпаннан бастап, тас жолдардағы бәйгелер өтті. Алайда, тас жолдардағы сындарда былтырғыдай жүлдені күреп ала алмадық. Бар болғаны екі күміс жүлдемен шектелдік.

Естеріңізге сала кетейік, велоспортан былтырғы Азия чемпионаты Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде басталып, Қарағанды тас жолдарында көмбесіне жеткен.

Біздің спортшылар тректен 8 медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) олжалап, тас жолдардағы бәйгелерден 14 медаль (7 алтын, 4 күміс, 3 қола) жеңіп алған болатын. Ал биыл бар болғаны сегіз жүлдемен шектеліп отымыз. Әсіресе тас жолдардағы бәйгелерде үміт артқан велошабандоздарымыз сенім үдесінен шыға алмады.

Енді биылғы құрлық біріншілігінде жүлдеге іліккен велоспортшыларымызбен таныс болыңыздар:

Ересектер арасындағы ХХХV, жасөспірімдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионаты. Таиланд. Радчасима.

Трек

Алтын:

Қазақстан құрамасы (Асылхан Тұрар, Әлішер Жұмақан, Владимир Цой, Сергей Шатовкин) – жасөспірімдер арасында, командалық ізге түсу бәйгесі, 4 шақырым;

Күміс:

Надежда Генелева – бойжеткендер арасында, топ бәйгеде (ұпай жинап жарысу, 60 рет айналу), 20 шақырым;

Қола:

Қазақстан құрамасы (Светлана Рябова, Надежда Генелева, Татьяна Генелева, Виктория Пастарнак) – бойжеткендер арасындағы командалық ізге түсу бәйгесі, 4 шақырым;

Артем Захаров – ересектер арасында, омниум

Надежда Генелева – бойжеткендер арасында, жекелей сындағы ізге түсу бәйгесі;

Светлана Рябова - бойжеткендер арасында, скретч.

Тас жолдардағы бәйгелер:

Күміс

Жандос Бижігітов – ересектер арасында, жекелей сын, 43, 6 шақырым;

Татьяна Генелева – бойжеткендер арасында, жекелей сын, 10,9 шақырым.

«Алаш айнасы» сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или