Чемпиондар лигасы: «Қайрат» турнирде бірқатар жаңа рекордтар орнатты

УЕФА-ның баспасөз қызметі футзалдан 2020/21 Чемпиондар лигасының қорытындысын шығарды және «Қайраттың» осы турнирдегі рекордтары туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz uefa.com сайтына сілтеме жасап.
«Қайрат» - жартылай финалға он мәрте қатысқан алғашқы команда. Сондай-ақ, алматылық клуб финалдық кезеңге тоғыз, ал жалпы турнирге 17 рет қатысқан. Сондай ақ, турнирде өткізген матчтар саны (85) бойынша да рекорд орнатты.
Финалдық кезеңге шығу:
«Қайрат» - 9<br />«Барселона», «Интер», «Спортинг» — 8<br />«Динамо» — 6
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» жартылай финалда испаниялық <span>«Барселонадан»</span> 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнирде португалиялық <span>«Спортинг» топ жарды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или