Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

Чемпиондар лигасы 2021/2022: Қазақстан намысын қорғайтын екі клуб турнирді қай кезеңнен бастайды?

Чемпиондар лигасы 2021/2022: Қазақстан намысын қорғайтын екі клуб турнирді қай кезеңнен бастайды?

Келесі 2021/22 маусымда футзалдан Чемпиондар лигасында өзгерістер болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

УЕФА турнирдің ескі форматы әлдеқайда тартымды деп шешті: бастапқы, негізгі және элиталық кезеңдер. Сосын «Төрттік финал».

Қазақстан, Испания, Португалия және Ресеймен бірге келесі Чемпиондар лигасына екі клуб қатыстырады. «Қайрат» пен «Атырау» клубтар арасындағы үздік турнирде бақ сынайды. Екеуі де жарыс жолын негізгі кезеңнен бастайды.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының күнтізбесі:

Бастапқы және негізгі раундтарға жеребе: 7 шілде.

Бастапқы кезең: 20-25 тамыз.

Неізгі кезең: 12-17 қазан.

Элиталық раундтың жеребесі: 3 қараша.

Элиталық раунд: 23-28 қараша.

Финалдық жеребе: күн белгіленбеген.

«Төрттік финал»: 28/29 сәуір және 30 сәуір / 1 мамыр (кейінірек анықталуы керек).

Еске сала кетейік, «Қайрат» осы маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен ұтылып қалды. «Барселона» финалда «Спортингке» есе жіберді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0