«Бәрі кездейсоқ болды». «Қайрат» АФК жас қақпашысы «Бенфикаға» қарсы матч жайлы
«Қайрат» АФК жас қақпашысы Нарун Серіков Meta-ratings.kz сайтына Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчының қалай өткенін айтты.
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында өткен «Бенфикаға» қарсы матчта ол алаңнан қуылған Игитаның орнына шықты.
– Көңіл-күй керемет, жағдайым жақсы. Бастысы, матч алдында болған уайымым кетті.
– Чемпиондар лигасында дебют жасаймын деп ойламаған шығарсың...
– Дебют кездейсоқ болды. Команда Хорватияға ұшқанда мен Алматыда едім. Бәрі аяқ астынан болды. Команданың екінші қақпашысы Дуду ауырып қалған соң жедел түрде командаға қосылдым.
- Алаңға шықпас бұрын Кака не деді?
– Оның «Ең бірінші Чемпиондар лигасының титулын екінші қақпашымен жеңіп алдым. Ол уақытта оған ешкім сенбеген еді. Бірақ бәрі мен ойлағандай болды. Бүгін сол жағдай қайталанады» деген сөздері әлі есімнен кетпейді.
– Матчтан соң Кака мен Игита не деді?
– Игита оның орнын баса алғаныма ризашылығын білдірді. Өйткені ол алаңнан қуылғанына қатты уайымдады. Өзін кінәлі сезінді. Матчтан кейін әлеуметтік желіде алғысын білдірді. Кака болса бекер шақырмағанын айтты.