Футзал

«Барсаның» бапкері Игитаның жоқтығы ойынға қалай әсер ететінін айтты

«Барсаның» бапкері Игитаның жоқтығы ойынға қалай әсер ететінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық «Барсаның» бас бапкері Андреу Плаза Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясындағы «Қайратқа» қарсы матч алдында баспасөз жиынына қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойынға қазақстандық клубтың қақпашысы әрі капитаны Игита қатыса алмайды. Плаза осыған орай ойын тактикасы қалай болатынын айтты.

«Игита болса да, болмаса да ойын бірдей болады. Бұл біз үшін артықшылық емес. Бірақ қарсылас үшін проблема екені анық. Игита болмаса, "төртке-төрт" ойынуға, әрі дәрежесі сәл төмен қақпашыға қарсы ойнауға мүмкіндік аламыз», - деді бапкер.

Айта кетейік, «Барса» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 23:50-де басталады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер