Футзал

«Барса» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы

«Барса» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 1 мамырдан 2 мамырға қараған түні «Қайрат» Хорватияның Задар қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында испаниялық «Барсамен» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Еуропа клубтары арасындағы басты турнирде «Қайрат» каталониялық команданы үнемі жеңіп жүр - үш кездесуде үш жеңіс. Алматылық клуб 2013 жылы Тбилисиде УЕФА Кубогының жартылай финалында (5:4), 2015 жылы Лиссабонда УЕФА Кубогының финалында (3:2), сондай-ақ 2019 жылы Алматыда Чемпиондар лигасының жартылай финалында (5:2) «Барсадан» басым түсті.

Қазақстанның тұрақты чемпионы бұл серияны ұзарта түсуге ниетті. Оның үстіне «Қайрат» жартылай финалға оныншы мәрте шығып отыр, бұл мерейтойлық әрі рекордтық көрсеткіш. Демек алматылық клубтың жеңіске деген құлшынысы басым.

«Барса» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 23:50-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер