Фелипе Рибейро: «Ертең қызық матч болады»

«Хазар Айланд» футзал клубының ойыншысы Фелипе Рибейро алдағы «Қайратқа» қарсы жолдастық кездесу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» – өте жақсы және атақты команда. Құрамында белгілі бразилиялықтар бар. Менің өзім командаға келгеніме көп болған жоқ, Алматыға ұшпас бұрын чемпионатта бір ғана кездесу өткіздім. Ал бүгін осында алғашғы жаттығуымызды жасадық. Жұмысты толық жасап жатырмын, қарсыласымызды жеңу үшін бар күшімізді салмақпыз. Екі ойын өткізіп, Бакуға ораламыз. Қызық ойындар болатынына сенімдімін. Қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылға иек артамыз.

Мен «Қайратқа» қарсы екі рет ойнадым. Соңғы рет екі жыл бұрын УЕФА кубогында, сондықтан бұл команданы жақсы білемін. Қазіргі «Қайрат» сол кездегі «Қайраттан» мықты деп ойлаймын. Алесиомен жақсы таныспын, оның басшылығымен жаттығу жасағанмын.

«Қайрат» пен «Барселона» - УЕФА кубогының соңғы жеңімпаздары. Финалда солар кездесетін сияқты. «Барселонаның» жеңісіне 60 пайыз, ал «Қайратқа» 40 пайыз беремін».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или