Хоккей

Ресейлік хоккейші өз-өзіне қол жұмсады

Ресейлік хоккейші өз-өзіне қол жұмсады
news-banner7
mobile-news-top

28 сәуірде ресейлік хоккейші Роман Гейзель 40 жасында өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Советского спорта» мәліметінше, допты хоккей өкілі өзін-өзі атқан. Ресей допты хоккей федерациясының хабарына қарағанда, спортшы бұл әрекетке неге барғаны тексеріліп жатыр.

Еске салайық, Гейзель карьерасын 32 жасында жарақатына байланысты аяқтаған. 2005 және 2011 жылдары Ресейдің үздік қақпашысы болған. Ресей құрамасы сапында допты хоккейден әлем чемпионатына алты рет қатысып, оның төртеуінде топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер