Ауыр атлетика

Карина Кузганбаева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Карина Кузганбаева Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды.

Қазақстан құрамасының мүшесі Карина Кузганбаева қоссайсы нәтижесі бойынша 232 (104+128) ұпай еншілеп, күміс жүлдегер атанды.

Кореялық Хьенжу Джанг 236 (103+133) ұпайымен Азия чемпионы атанды. Ал 218 (96+122) ұпайын жинаған түркіменстандық Айсолтан Тойчиева қоланы қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер