«Альпі туры»: «Астана» шабандозы бірінші кезеңде 4-орын алды
Италия-австриялық «Альпі туры» веложарысының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орынды INEOS Grenadiers командасындағы Джонни Москон иеленді.
«Астана» қатарынан үздік нәтижені Фабио Феллине көрсетті. Ол мәре сызығын төртінші болып кесті.
Альпі туры. Бірінші кезең. Бриксен — Инсбрук. 140 шақырым
1. Джанни Москон (Италия, INEOS Grenadiers) 3:29:24
2. Идар Андерсен (Норвегия, Uno-X Pro Cycling Team) +0:00
3. Александр Рябушенко (Белоруссия, UAE-Team Emirates) +0:00
4. Фабио Феллине (Италия, «Астана») +0:00
Жалпы есеп
1. Джанни Москон (Италия, INEOS Grenadiers) 3:29:24
2. Идар Андерсен (Норвегия, Uno-X Pro Cycling Team) +0:04
3. Александр Рябушенко (Белоруссия, UAE-Team Emirates) +0:06
4. Фабио Феллине (Италия, «Астана») +0:10