Қайрат Оразбеков: «Дина» мен «Барселонаның» кездесуін шегеруге тырысамыз»

Алматылық «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында УЕФА кубогының жеребе тарту рәсімі мен ресейлік «Дина» клубы туралы айтып берді.

- Қайрат Айтмолдаұлы, «төрттік финалдың» жеребе тарту рәсімі жайлы пікіріңіз қандай?

- Бірнеше жыл қатарынан бізге ресейлік командалар түсуде. Жеребе алдында көп пікірлер болды, тіпті «Қайрат» пен «Дина» финалда ойнаса қызық болар еді деп айтқандар да бар еді.

- Жартылай финалда жарыстың қожайындары мен «Барселона» түспегені тіпті жақсы болған шығар?

- 2013-ші жылы бізге «Барселона» түссе де, оларды жеңіп УЕФА кубогын иелендік. «Төрттік финалда» әлсіз команда болмайды. Қай клубтың дайындық деңгейі мықтырақ болса, сол жеңіске жетеді.

- Элиталы кезең алдында, жарыстың тәртібін өзгертіп, плей-оффты ширек финалдан бастау керек деген әңгімелер көп болды. Сіз қалай ойлайсыз?

- УЕФА бұл мәселені қарастыруда. Алдағы үш-төрт жылда УЕФА кубогының тәртібі өзгеріп, плей-офф кезеңнің ойындарын өз алаңы мен сырт алаңда өткізетін шығармыз деген ойдамын.

- «Динаның» президенті Сергей Козлов жеребе тарту рәсімінен кейін, финалда оның командасы мен «Барселона» кездеседі деп айтқан болатын...

- Иә, естідім. «Дина» «Барселонамен» қатты кездескісі келеді. Бірақ, біз бұл ойынды тағы бір жылға шегеруге тырысамыз. Немесе, қола үшін өтетін матчқа дейін. «Қайраттың» өз мақсаты бар, біз «Барселона» немесе «Спортингпен» финалда ойнауға дайынбыз.

- «Дина» бірнеше жылдан кейін бұрынғы бабына оралды деп айтуға болады ма?

- Менің ойымша, соңғы екі жылда «Дина» үлкен жұмыс атқарып, қазіргі таңда әдемі ойын өрнегін көрсетуде. Ұзақ уақыт бойы команда Ресей чемпионатында ортаңғы немесе аутсайдерлер қатарында жүргені өкінішті. «Дина» - марқұм Константин Еременконың клубы болғаны бәріне мәлім. Өзбасым бұл команданың жанкүйерімін. Ең қызығы, «Қайрат» әлі «Динамен» бірде бір рет кездеспеген. Біз «Динамен» УЕФА кубогында ғана емес, сондай-ақ Еременко кубогында ойнағымыз келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или