Хоккей

Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасына шақырту алған хоккейшілер анықталды

Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасына шақырту алған хоккейшілер анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алған хоккейшілердің тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

21 мамыр мен 6 маусым аралығында Литвада әлем чемпионаты өтеді. Оған дейін өтетін жаттығу жиынына 35 хоккейші шақырту алған. Ал әлем біріншілігіне 28 ойыншы барады.

Ооқу-жаттығу жиынына шақырту алған хоккейшілердің тізімі:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарка»), Демид Еремеев («Теміртау»), Андрей Шутов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг (бәрі - «Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кертис Волк (бәрі - «Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артем Лихотников (бәрі - «Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Югра»), Найджел Доус («Ак Барс»).

Әлем чемпионатына дайындық ретінде Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 13 және 15 мамыр айында Латвияда өтеді деп жоспарланған. Қазақстанның қарсыласы Беларусь құрамасы болмақ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер