Футзал

«Бір уақытта екі мақсатымыз болуы мүмкін емес». Кака - «Қайраттың» Қазақстан чемпионаты мен Чемпиондар лигасындағы матчтары туралы

«Бір уақытта екі мақсатымыз болуы мүмкін емес». Кака - «Қайраттың» Қазақстан чемпионаты мен Чемпиондар лигасындағы матчтары туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Рикардо Кака Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасы сапында жарақат алған ойыншылар туралы, сондай-ақ, Қазақстан чемпионаты плэй-офф кезеңіндегі «Аятқа» қарсы, Чемпиондар лигасындағы«Бенфикаға» қарсы матчтар туралы айтты.

– Израильге қарсы екі кездесуде (4:1 және 4:0) Қазақстан құрамасы алдында қандай міндеттер тұрды, өйткені бұл матчтардың турнирлік маңызы болмады ғой?

– Бірінші міндет жеңіске жету болды. Екіншісі - бұл кездесулерді ұлттық құрамаға жаңадан келгендердің өзіне сенуіне, өздерін осы деңгейде сынап көруіне, біздің жүйемен танысуға мүмкіндік ретінде пайдалану.

– Жарақаттар болмады ма?

– Өкінішке қарай, болды. Көп матч пен ұзақ сапарлар футболшылар денсаулығына әсерін тигізді. Сондықтан жарақаттан құтылмадық: Дәурен Тұрсағұлов жарақаттанды, Чемпиондар лигасы матчтарына орала ма, жоқ па, көреміз.

– Серік Жаманқұловтың құрамамен қоштасу матчын өткізу кімнің ойы болды?

– Бұл ойды бүкіл ұжым айтты. Мен Серікпен сөйлестім, ол бұл ұсынысты қуана қабылдайтынын айтты. Біз бәріміз бірге оған да, қазақстандық футзалға да мереке сыйладық.

– «Қайрат» бапкерлік штабы мен ойыншыларға құрама ойындарынан кейін ел чемпионатының жартылай финалындағы «Аятқа» қарсы матчтарға ауысып үлгеруге уақыт жете ме?

– Жетуі керек. Бәрі өзімізге байланысты, психологиялық тұрғыда дұрыс дайындалып, «Бенфикаға» қарсы матчты ұмытуымыз керек. Бір уақытта екі мақсатымыз болуы мүмкін емес қой. Алдымен біріншісін, кейін екіншісін орындауымыз керек.

– «Аятқа» қарсы серияны қанша матчта аяқтауды жоспарлап отырсыз?

– Плэй-офф кезеңіне шыққан барлық команда өз матчтарын тезірек жеңуге тырысады деп ойлаймын. Біз де солай.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан чемпионаты жартылай финалының алғашқы матчтарын «Қайрат» 14-15 сәуірде өткізеді. Қарымта ойындар 18-19 сәуірге жоспарланған. Ал 28 сәуірде алматылықтар Чемпиондар лигасының 1/4 финалында португалиялық «Бенфикамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер