Хоккей

Қазақстан чемпионы Pro Hokei Ligasy кубогымен марапатталады

Қазақстан чемпионы Pro Hokei Ligasy кубогымен марапатталады
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден ел чемпионатының басты жүлдесі жаңа тың стильге ие болып, жеңімпаздан жеңімпазға өтетін болды.

Кубоктың табаны хоккейшінің конькимен сызғылаған мұз айдынына ұқсайтын болаттан жасалады. Түбі бағалы ағаш түрлерінен жасалып, хоккей алаңдары түріндегі тақтайшалармен безендіріледі. Оларға алдағы уақытта жеңімпаз командалардың атаулары ойылып жазылады.

Кубоктың тостағаны болаттан әзірленіп, алтын жалатылған. Оны жеңістен кейін көтерілген хоккей таяқшалары тіреп тұрады. Осы конструкцияның барлығы шайба түрінде әзірленген орталық шайба лақтыру шеңберіне орныққан.

Тостағанның ішінде ұрпақтар сабақтастығын, тұтастық пен бір ортаға бірігуді сипаттайтын шаңырақ бейнеленген.

Түпнұсқасы: ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер