Игита Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді

Игита Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді

11 сәуірде футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Бесінші топта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы алты ойында да жеңіске жетіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды. Кака шәкірттері соңғы ойында Израиль құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

Осы ойында құрама капитаны Игита мерейтойлық матчын өткізді. Қақпашы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 65 ойынға қатысып үлгерді.

Игита құрама жейдесіндегі 65 кездесуде қақпадағы керемет өнерімен қатар, 8 гол соққан. 2016 жылғы Еуропа біріншілігінде қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, алматылық «Қайрат» футзал клубында өнер көрсететін Игита әлемнің 5 дүркін үздік қақпашысы атанып, рекорд орнатқан.

Кака: Ең маңызды мотивация - Қазақстан құрамасында ойнау

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или