Футзал

«Көз алдымнан керемет сәттер өтті». Жаманқұлов құрамадағы соңғы матчы туралы

«Көз алдымнан керемет сәттер өтті». Жаманқұлов құрамадағы соңғы матчы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов ұлттық командадағы соңғы матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көңіл-күй керемет. Өздеріңіз көргендей, құрамадағы жігіттер мүмкіндіктері бола тұра, бүкіл ойынын құрттым деуге де болады. Мен гол соқсын деп бүкіл пасты маған берді. Жігіттерге, федерацияға, бапкерлерге, жанкүйерлерге рақмет. Көзім жасқа толды, әрең ұстап қалдым, жасыратыны жоқ. Өте әсерлі сәт болды. Көз алдымнан футзалда ойнаған ғұмырым өтпесе де, керемет сәттер еске түсті. Құрметтегендеріне рақмет. Жаңа айтқанымдай, федерацияға, «Қайрат» АФК-ға рақмет. Себебі футзалға енді қадам басып келе жатқанымда, оны үйренкені үшін, бірге жеңіске жеткеніміз үшін рақмет», - деді Жаманқұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер