Кака: Ең маңызды мотивация - Қазақстан құрамасында ойнау

Кака: Ең маңызды мотивация - Қазақстан құрамасында ойнау

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Prosports.kz порталына берген сұхбатында командадағы буын алмасу барысы, Қазақстан футзалының дамуы жайлы айтты. 

- 2022 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алдық. Қалған матчтарға ойыншыларды қалай ынталандыруға болады?

- Ең маңызды мотивация - Қазақстан құрамасында ойнау. Тіпті құрамада бұрыннан бері өнер көрсетіп жүрген жігіттердің өзінде әр матчқа қатысам деген ынта бар. Шешуші немесе шешуші емес матч дегенге олар мән бермейді. Сонымен қатар құрама қатарына көптеген жаңа ойыншылар келеді. Олар командадағы буын алмасу барысын бақылап, құрамадан өз орнын тапқысы келеді. Жастар тек қосалқы құрамда отырмай ойнағысы келеді. Сондықтан құрамада мотивация жетерлік.

- Ұлттық құрамаға Расул Карбаев, Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов шақырылды. Бұл ойыншыларда қандай ерекше қасиеттер бар?

- Карбаев, Тоқаев екеуі де солақай. Біз әрдайым осындай ойыншыларды іздейміз, өйткені бұл футзал үшін маңызды аспект. Менің ойымша, Қазақстан құрамасы тарихында бірінші рет төрт солақай ойыншы шақырылып отыр (Карбаев пен Тоқаевтан бөлек, Тайнан мен Тимур Балтабаев бар). Ал Сағындықов - ойынды оқи алатын тәжірибелі қорғаушы.

- Жұмыс кестеңіз өте тығыз. «Қайрат» пен Қазақстан құрамасы матчтары... қайдан энергия аласыз?

- Сүйікті ісіңмен айналысу адамға энергия береді. Иә, кейде шаршайтынымыз ра, бірақ бұл бір жағынан рахат сезім сыйлайды. Қазақстан құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі кез-келген адамға берілмейді. Сол үшін барлық ынта-жігіремді осы жұмысқа саламын. Отбасыма, жақындарыма көп көңіл бөле алмай қалатын кездерім болады. Бірақ жақсы жаттықтырушы болу үшін жақсы әке, жақсы аға, жақсы дос бола алмауыңыз мүмкін. Өмірде әрқашан бірдеңені құрбан етуге тура келеді. 

- Он жылдан бері Қазақстан футзалы әлемді таңғалдырды. Біздің елімізде осы спорт түрін дамытудың келесі қадамы қандай?

- Менің ойымша, Қазақстан құрамасы әлемді таңғалдырды. Ал Қазақстан футзалында әлі де өсуге мүмкіндік бар. Чемпионатты дамытуымыз керек, болашағымызды ойлауымыз керек, балалар арасындағы жарыстарды көбейту керек, мүмкіндігінше көп адамның футзалмен айналысуын қамтамасыз ету керек. Егер осының бәрін жасалса, алдағы уақытта Қазақстан футзалының деңгейі ұлттық құраманың деңгейіне сәйкес келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или