Футзал

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы Будапештте Венгрияны 6:1 есебімен ұтып, Еуропа чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа құрамалары рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандықтар Венгрияға қарсы матчта сенімді жеңіске жетті. Кака шәкірттері қатарынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиуллин, Тайнан, Альберт Ақбалықов, Дуглас Жуниор мергендік танытты. Бір голымызды венгрлер қорғаушысы өз қақпасына соғып алды.

Іріктеу турнирі аяқталуға бір тур қалғанда Қазақстан құрамасы бесінші топта бірінші орын иеленді. Еншімізде 12 ұпай. Беларусь пен Венгрия құрамаларында алты ұпайдан.

Футзалдан «қарт құрлықтың» біріншілігі келесі жылы Нидерландының Амстердам және Херенвен қалаларында өтеді.

Еуро-2022. Іріктеу кезең

5 топ

Венгрия — Қазақстан 1:6 (0:4)

Гол соққандар: Есенаманов 5 (0:1), Валиуллин 9 (0:2), Тайнан 10 (0:3), Нодь (өз қақпасына) 14 (0:4), Дуглас Жуниор 23 (0:5), Дрот 25 (1:5), Ақбалықов 33 (1:6).

6 сәуір. Будапешт. Sports Hall.

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер