«Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыласы «Бенфика» ішкі біріншілік матчында жеңіске жетті

«Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыласы «Бенфика» ішкі біріншілік матчында жеңіске жетті

Лиссабондық «Бенфика» Португалия чемпионатының 28-турында «Ломбуш» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тартысты өткен ойында «Бенфика» 4:3 есебімен ұтты. Жеңісті голды 37-минутта Фабиу Сесилиу соқты. 

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бенфикамен» кездеседі. 

28-турдан кейін «Бенфика» 76 ұпаймен турнирлік кестенің екінші орынына жайғасқан. Көшті 78 ұпайы бар «Спортинг» бастап тұр. 

«Бенфика» – «Ломбуш» 4:3 (2:2)

Гол авторлары:<span> </span><span>Тиагу Бриту (1), Робиньо (17), С. Феррейра (24), Сесилиу (37) – Рубен Сантуш (7, 20, 26)</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или