Бразилия Қазақстанға жолдастық матч өткізуге ұсыныс жасады

Бразилия Қазақстанға жолдастық матч өткізуге ұсыныс жасады

Футзалдан әлемдегі ең жүлдесі көп Бразилия құрамасы Қазақстанға жолдастық матч өткізу жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бразилия құрамасы күзде Литвада өтетін әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстанмен күш сынасып көрмек. 

Әзірге қос құрама қашан және қайда кездесетіні жайлы ақпарат жоқ. Дегенмен екі тарап жолдастық матч өткізу жайлы келісімге келді.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы 1989, 1992, 1996, 2008 және 2012 жылдары әлем чемпионатын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или