Футзалдан Қазақстан құрамасы Будапештке барды

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Венгрия құрамасымен өтетін ойын 6 сәуірге белгіленген. Ертең біздің команда Амалия Стербински атындағы спорт кешенде алғашқы жаттығу өткізеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үш ойында үш рет жеңіске жетіп, өз тобында көш бастап келеді. Рикардо Кака шәкірттері бұған дейін Венгрияны (5:0) ойсырата ұтып, Беларусь құрамасын (5:2, 6:1) екі рет жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или