«Аятқа» қарсы матчтар арқылы «Бенфикаға» дайындаламыз, басқа амал жоқ»
«Қайрат» АФК бас бапкері Кака маусымның көктемгі бөлігіндегі қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
- Чемпиондар лигасында «Бенфикаға» дейін «Аятпен» ойнау «Қайратқа» тиімді ме, жоқ па?
- Әрине, күнтізбе өте тығыз, ұлттық құраманың матчтарын да ескеру керек. Иу, жақсы қалпымызда, үнемі ойында боламыз. Бірақ бәрібір керемет емес - ойыншылар шаршай бастайды, ал жаттығу процесіне уақыт аз болады. Дегенмен шағымдану әдетіміз емес - күнтізбе бар, ол қабылданды, сондықтан біз ойнаймыз.
- «Қайрат» Рудный клубымен серияны тезірек аяқтау оңтайлы ма? Әлде созған дұрыс па?
- Менің ойымша, кез келген команда үшін ең жақсы нұсқа - серияны мүмкіндігінше ертерек аяқтау (жымиып). «Қайрат» та солай ойлайды. Бірақ біз «Аят» өте қауіпті қарсылас екенін білеміз, бізді қиын ойындар күтіп тұр. Бірақ біз жарақат пен сары қағаз алу қаупін азайту және Чемпиондар Лигасын күш қалдыру үшін үш ойында жеңіске жетуге тырысамыз.

- «Аятқа» қарсы барлық матчты «Қайрат» өз алаңында ойнайтынын білгенде қуандыңыз ба?
- Иә, әрине, қуандық, өйткені айтқанымдай, күнтізбе өте тығыз. Егер әлі де бірнеше сапар болса, одан да қиынға соғар еді. Енді өз алаңымызда, керемет залда ойнаймыз. Мұндай жағдайда жақсы ойын көрсетуге болады.
- Қазақстан чемпионатының жартылай финалына дайындықты қалай және қайда өткізесіздер?
- Былайша айтқанда, дайындық жылдам өтеді. Біз ұлттық құраманың матчының 12 сәуірде ораламыз, ал 14-інде Қазақстан чемпионатының жартылай финалындағы «Аятқа» қарсы алғашқы кездесу күтіп тұр. Ауыр логистика, сапардағы уақыт - мұның бәрі күш қоспайды, керісінше - қиындықтар тудырады. Бірақ біз барлық қойылған мақсатқа жетуге тырысамыз.
- Ал бұл қандай мақсаттар?
- Біз қатысатын барлық турнирдегі жеңістен басқа, «Қайрат» өз ойыншыларын көбейтуді ойлайды. Біз ойыншылардың ғана емес, бапкерлердің де шеберлік деңгейін арттыруға тырысамыз. Мен ұлттық құрамада болған кезде менің көмекшілерім «Қайраттағы» міндеттерін жақсы орындады. Маған олардың жұмыстары қатты ұнады.

- «Бенфикамен» кездесуге қалай дайындалғалы жатырсыздар?
- «Аятқа» қарсы жартылайфиналдық серия «Бенфикамен» текетіреске дайындықтың бастамасы деп айтуға болады. Мәселе мынада, ішкі турнирлерде шетелдік ойыншыларға шектеулер бар, сондықтан ел чемпионатында «Қайрат» өзінің барлық күшін ешқашан көрсете алмайды. Бірақ біз осы ойындар арқылы «Бенфикаға» дайындалуға тырысамыз.