Футзал

Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» жартылай финалда «Аятпен» кездеседі

Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» жартылай финалда «Аятпен» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында алматылық «Қайрат» пен Рудныйдың «Аят» командалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 және 15 сәуірде «Нұр-Аман» спорт кешенінде командалар екі кездесу өткізеді. Үшінші матч та сол жерде 18-де өтеді. Қажет болса, серияның төртінші және бесінші ойындары 19 және 22 сәуірде өтеді. Қай команда үш рет жеңіске жетсе, сол ұжым финалға жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының Сегіздік финалы аясында «Қайрат» португалиялық «Бенфика» командасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер