Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қалай өтеді

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қалай өтеді

21 наурызда футзалдан Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Соңғы турда «Нұр-Сұлтанды» 9:0 есебімен ойсырата ұтқан «Қайрат» қарсыластарынан оқ бойы озып, тұрақты маусымның жеңімпазы атанды. Енді ел чемпионатына қатысуы сегіз команда плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Ширек финалда турнир кестесінде 1-орын алған «Қайрат» чемпионатты 8-ші орында аяқтаған «Оқжетпеспен» кездеседі. Биылғы маусымда қос команда арасындағы төрт ойынның бәрінде «Қайрат» жеңіске жетті (8:1, 10:4, 11:1, 5:0).

Тұрақты маусымның турнирлік кестесінде 2-орынға ие болған «Ақтөбе» мен 7-орын алған «Каспий» кездеседі. Чемпионат аясындағы жеке кездесулерде төрт ойында да «Ақтөбе» жеңді (7:3, 3:1, 7:2, 3:1).

Үздік үштікті түйіндеген «Атырау» алтыншы орын алған «Бәйтерекке» қарсылас атанды. Қос клуб арасындағы ойындарда «Бәйтерек» екі рет (4:3, 6:3), «Атырау» бір рет (5:3) жеңіске жетті. Тағы бір ойын тең аяқталды (3:3).

Турнирлік кестеде 4-орында тұрған «Аят» пен 5-орындағы «Нұр-Сұлтан» өзара кім мықтыны анықтайды. Чемпионат барысында «Аят» үш ойында (6:3, 3:0, 3:2) жеңіске жетіп, бір ойын тең нәтижемен аяқталды (2:2).

Ширек финал бір команда екі рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Бірінші матч 27 наурызда, екінші кездесу 28 наурызда өтеді. Егер командалар бір-бір кездесуде жеңіске жетсе, үшінші шешуші матч 30 наурызда өтеді. Матчтар Нұр-Сұлтандағы «Сайран Аренада» өтеді. Жанкүйерлер ойынға кіре ала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Ширек финалдық жұптар:

«Қайрат» - «Оқжетпес»
«Ақтөбе» - «Каспий»
«Атырау» - «Бәйтерек»
«Аят» - «Нұр-Сұлтан»

Плей-офф қорытындысына сай Чемпиондар лигасының 2 жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или