Футзал

«Қайрат» қақпашысы халықаралық флешмобқа үн қосты

«Қайрат» қақпашысы халықаралық флешмобқа үн қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының капитаны Игита Даун синдромымен ауыратын адамдардың мәселесіне көпшіліктің назарын аудару үшін жасалған халықаралық флешмобқа атсалысты, деп жазады Prosports.kz.

Атақты қақпашы екі түрлі шұлықпен суретке түсіп, инстаграм парақшасында жариялады.

«21 наурыз - Даун синдромымен ауыратын адамдардың халықаралық күні. Бүгін LotsofSocks халықаралық флешмобына қосылдым. Бұл қандай флешмоб?

Ол Даун синдромы бар адамдарға арналған. Оның мақсаты - бұл синдромға назар аудару, бұл туралы білуге ​​ынталандыру және бұл ерекше адамдардың өзгелермен құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей, қоғамның толық мүшесі екенін түсінуге көмектесу», - деп жазды Игита.

Айта кетейік, «Қайрат» Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымын аяқтады. Соңғы турда олар «Нұр-Сұлтанды» 9:0 есебімен жеңді. Әрі қарсыластарынан оқ бойы озып, тұрақты маусымның жеңімпазы атанды. Ел чемпионатының 1/4 финалында «Қайрат» көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездеседі.

Фото instagram.com/leohiguita2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер