Футзалдан Қазақстан чемпионаты: «Бәйтерек» «Нұр-Сұлтаннан» басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионаты: «Бәйтерек» «Нұр-Сұлтаннан» басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 34-турындағы алғашқы матчта оралдық «Бәйтерек» пен «Нұр-Сұлтан» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч есебін елордалықтар ашты – Гиорги Силагава көзге түсті. Кейін оралдықтар жауапсыз төрт гол соқты. «Бәйтерек» сапында Алмаз Абдугалиев, Сергей Шевцов, Дмитрий Двирный мен Николай Забродин қанжығасын майлады.

«Бәйтерек» осы жеңістен соң 35 ұпай жинады. Оралдық команда бесінші орындағы «Нұр-Сұлтаннан» үш ұпайға қалып тұр.

«Бәйтерек» (Орал) – «Нұр-Сұлтан» 4:1
Голдар: Абдугалиев, Шевцов, Двирный, Забродин – Силагава

Фото instagram.com/futsalkazakhstan

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или