OCTAGON 17 турнирінің проморолигі жарияланды

OCTAGON 17 турнирінің проморолигі жарияланды

OCTAGON промоушенінің баспасөз қызметі OCTAGON 17 турнирінің промролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Турнир 17 наурызда Алматыда көрерменсіз өтеді. кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) пен Айболат Мұратұлы (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы (93 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде Ұлан Тамғабаев (6-5) өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевпен (2-1) жұдырықтасады.

Бұрынғы OCTAGON чемпионы Алтынбек Мағаз (7-1) негізгі кардтың үшінші жекпе-жегінде Арген Маликовпен (4-2) кездеседі.

Кештің толық кардын мына сілтеме арқылы көруге болады.

OCTAGON 17 турнирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді. Тікелей трансляциясы Setanta Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ OCTAGON TV Youtube арнасында көрсетеледі.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или